Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2018 жылы 26 пайызға артады

Фотография - Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2018 жылы 26 пайызға артады

Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан 26 пайызға артады

307 0

Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылдың  1 қаңтарынан 26 пайызға артады. Бұл туралы бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.

"Бүгінгі күні Мәжілісте республикалық бюджет туралы заң жобасы талқыланып жатқаны белгілі. Соған сәйкес, біріншіден, 2018 жылдың 1 қаңтарынан біз күнкөріс деңгейінің шамасын 26 пайызға дейін арттыруды жоспарлаймыз. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 21 мың 364 теңгені құрайды. Ал 2018 жылдың қаңтарынан күнкөрістің ең төменгі деңгейінің құрылымы өзгереді және соған сәйкес көрсеткіш шамасы 28 мың 850 теңгеге дейін өседі", - деді Светлана Жақыпова.

Айта кетерлігі, Сенат комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланған болатын. Құжат Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы "100 нақты қадам" атты Ұлт жоспарында қамтылған әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту туралы тапсырмасын орындауға бағытталған.

Тұтастай алғанда, заң жобасы әлеуметтік саладағы екі маңызды өзгерісті көздейді. Біріншіден, азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдерге қолжетімділікті арттыру көзделеді. Екіншіден, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту қарастырылады. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді трансформациялау жұмысы азаматтардың санатына қарай тағайындалатын бірнеше әлеуметтік жәрдемақыларды біріктіріп, бір жәрдемақы ретінде белгілеуді көздейді.

Заң жобасы Сенаттың алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылады.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!