"Бәйтеректің" таза табысы алғашқы жарты жылда 23,6 млрд теңгеден асты

Фотография - "Бәйтеректің" таза табысы алғашқы жарты жылда 23,6 млрд теңгеден асты

Ал, холдингтің активтері өткен жылмен салыстырғанда 300 млрд теңгеден астам шамада өсті және 2,6 трлн теңгені құрады.

168 0

"Бәйтерек" холдингі компаниялар тобының шоғырланған таза табысы 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда екі есе өсіп, 23,6 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды strategy2050.kz холдинг баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 Ал, холдингтің активтері өткен жылмен салыстырғанда 300 млрд теңгеден астам шамада өсті және 2,6 трлн теңгені құрады.

2015 жылдың 8 айында несие қоржыны 1,6 трлн теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда өсім 350 млрд теңгені көрсетті.

Сонымен қатар, инвестициялық қоржын артты: 2015 жылдың 8 айында "Бәйтерек" холдингісі 62,6 млрд теңгені тікелей инвестициялады.

Айта кетерлік жайт, "Бәйтерек" холдингі компаниялар тобымен 2015 жылдың басынан бері 113 жұмыс орны ашылды.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!