1 миллион теңгеге дейін депозиттер иелерінен өтемақы үшін өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды - Қ.Келімбетов

Фотография - 1 миллион теңгеге дейін депозиттер иелерінен өтемақы үшін өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды - Қ.Келімбетов

Теңгенің еркін бағамына орай, 1 миллион теңгеге дейінгі депозит иелерінен өтініштер қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін ұзартылды

326 0

Теңгенің еркін бағамына орай, 1 миллион теңгеге дейінгі депозит иелерінен өтініштер қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін ұзартылды. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы аясында журналистерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлім етті. 

"Бүгінгі күні бір миллион теңгеге дейін депозиттері бар тұлғалар үшін өтініштер қабылдау бойынша барлық банктер жұмыс жасауда. Президент Жарлығына сәйкес, өтініштерді қабылдау 1 желтоқсанға дейін ұзартылады. Ұлттық банк атынан біз азаматтарды тезірек қимылдауға шақырамыз. Өйткені қазан-қараша айларында жұмыстың негізгі бөлігін бітіруге тиіспіз", - деді Қ.Келімбетов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!