Қытайда 2015 жылдың алғашқы жартысында 10 млн жаңа кәсіпорын тіркелген

Фотография - Қытайда 2015 жылдың алғашқы жартысында 10 млн жаңа кәсіпорын тіркелген

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артық.

264 0

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артық.

Оның басым бөлігі интернет және IT-технология саласындағы шағын және орта кәсіпорындар болып отыр. Қытай экономистері нарықтың болашағы жоғарғы технологияда деп отыр.

Бұл Бейжіңдегі "силикон алқабы" – "Жуңгуансун" ғылыми технологиялық паркі. «Кәсіпкерлік көшесі» аталып кеткен осы жерде Қытайдың соңғы керемет деген дүниелері ойлап табылады. Елдегі кластер аймағының бірінде тың идеялар жүзеге асырылады. Мұнда әлемдегі ірі корпорациялардың кеңселері орналасқан.

 Хуаң Иың, "Жуңгуансун" ғылыми-технлогиялық паркі жанындағы ұлттық инновациялық көрсетілім аймағының басшысы:

- Біздің мақсатымыз - жас кәсіпкерлердің аяғынан тұрып кетуіне қолдау көрсету. Мұнда оларға ыңғайлы жағдай жасап, ынталандырып отырамыз. Бизнес жобаларымен келген азаматтардың күшін біріктіріп, бәсекеге қабілетті етеміз. Яғни, кәсіпорындардың құрылуынан бастап, нақты идеяларды жүзеге асыру, өнімге патент алу, оны нарыққа шығаруға дейін көмек береміз.

Кәсіпкер болам дегендер үшін кедергілер мен қағазбастылық та барынша азайтылған. Мәселен, технопаркке тапсырылған бизнес жоспар төрт-ақ күннің ішінде қаралады. Шынымен табысты жоба болса, бірден іске асырыла бастайды. Старт-ап иесін мемлекеттің өзі жан-жақты қолдайды.

Осындай ғылыми технопарктің бірінде құралып шыққан робот адаммен тілдесіп, бірнеше бұйрықты орындайды. Халықаралық робототехника федерациясының болжамы бойынша, 2017 жылы Қытай әлемде осы техниканы қолданысқа енгізуде бірінші орынға шығады екен. Қазірде өндіріске жаппай енгізіп, күнделікті өмірде робот күшін пайдалану артып келеді.

Жаң Иың, «Тулиң» компаниясының менеджері: - Болашақта бұл роботтар ерекше күтімді қажет ететін науқас жандарға, қарттарға көмек бере алатын болады. Осы бағытты дамытып жатырмыз. Асханаларда қызмет көрсетуші, музейлерде жолбастаушы, ресепшнде қонақ қабылдаушы міндеттерін де атқара алады.

Бүгінде тек Бейжіңдегі «кәсіпкерлік көшесінде» 400-ге жуық команда жоғарғы технология құрылғылары мен мобильді бағдарлама жасаумен айналысады. Соның ішінде «жасыл экономикаға» да ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені «болашақтың энергиясы» табиғи қуат көздерін пайдалану Қытайда басты бағыттардың бірі болып отыр. Мәселен, күн сәулесінен қуат алатын жеңіл пластиналар – ноутбук, ұялы телефонға таптырмайтын құрылғылар. Табиғат аясында жолдорбаңыз болса, тоқ іздеп әуре болмайсыз.

Жиау Жиян, "Hanergy" компаниясының менеджері:

- Қытай қазір жасыл энергетиканы дамытуда әлем бойынша алдыңғы қатарға шықты деп мақтанышпен айта алам. Біз болашақта жасыл қуат көздерін қоғамның әрбір саласына енгіземіз. Енді бес жылдан соң тек желден 200 млн кВт энергия өндіреміз. Ал 2050 жылға қарай жалпы энергетика саласының 50% табиғи қуат көздерінен аламыз. «Қытай экономикасы бизнесті жүргізудің жаңа формасын қажет» етеді деген Бейжің билігі инновацияға басымдық берген. Технопаркте идеясын жүзеге асырғысы келетін жас кәсіпкерлерге жеңілдік жасап, ерекше салық жағдайын қарастырған. Қытай астанасынан басқа тағы 6 қала осы модель бойынша жұмыс істеп жатыр.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!