Қазақстанда баспана бағасы мен жалға алу құны өсті

Фотография - Қазақстанда баспана бағасы мен жалға алу құны өсті

Баспананың квадрат метрі қанша тұратыны белгілі болды

158 0

Баспана нарығында 2015 жылдың қыркүйегінде бағалардың өсуі байқалады, деп хабарлайды Today.kz ҚР ҰЭМ Стастика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

2015 жылдың қыркүйегінде өткен аймен салыстырғанда жабдықталмаған тұрғын үйдің бағасы 2,9 пайызға, ал жабдықталғаны екі пайызға, жаңа үйлер бір пайызға өскені хабарланды. Жабдықталмаған үйді жалға алу 0,3 пайызға, жабдықталған 0,2 пайызға өскен.

Жаңа үйдің бір квадрат метірінің орташа бағасы 233332 теңге, жабдықталған үйді алып қайта сату 181195 теңге, жабдықталмағаны 106853 теңге.

Өткен жылғы бағалармен салыстырсақ, онда ең үлкен өсім жабдықталмаған үйдің бағасында – алты пайыз.

Мұның алдында Астанада баспана бағасы өскені хабарланған. Сонымен бірге, Қазақстан құрлысшыларының ассоциациясының болжамынша бастапқы баспана дефицитінің қаупі бар және алдағы бір-екі жылда пайда болуы мүмкін. Республиканың алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары қазіргі жағдайға байланысты жаңа тұрғын үй бағдарламаларын бастамауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!