2014 жылы Қазақстанда 40 мыңнан астам автомобиль құрастырылды

Фотография - 2014 жылы Қазақстанда 40 мыңнан астам автомобиль құрастырылды

2014 жылы Қазақстанда 40 мыңнан астам автомобиль құрастырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ИДМ Индустриялды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрғасының орынбасары Тимур Нұрашев мәлім етті.

124 0

Оның атап  өтуінше, елімізде машина құрастыру ісімен айналысатын "Азия авто", "Сарыарқа автопром", "Агромашхолдинг","Хюндай", «Семаз», "Камаз инжиниринг" сынды 4 кәсіпорын бар.

«Бұл зауыттар 2014 жылы  40 мыңнан астам автомобиль шығарды. Оларда көліктердің әр түрлі маркасы құрастырылады. Мәселен, жеңіл автомобильдердің 42, жүк тиейтін автомобильдердің 21, арнайы автомобильдердің 18, тартқыштардың 3 және автобустардың 3 моделі шығарылады», - деді ол.

Сонымен қатар Т.Нұрашев машина құрастыру саласында тағы 2 үлкен жобаны қолға алу көзделіп отырғанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін елімізде жылына 200 мың автомобиль шығарылатын болады.  

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!