Елімізде ескі көліктерді тіркеу құны қымбаттайды

Фотография - Елімізде ескі көліктерді тіркеу құны қымбаттайды

Қазақстанда ескі көліктерді тіркеу үшін алым 500 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті

278 0

Қазақстанда ескі көліктерді тіркеу үшін алым 500 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті, деп жазды baq.kz.

"Бүгінгі күні Қазақстанда көліктерді бастапқы тіркеу алымы 0,25 есептік көрсеткішті болатын, бұл шамамен 500 теңгені құрайтын. Енді жаңа заң енгізілгеннен кейін жаңа автомобильдерді тіркеу алымы сол көлемде, 0,25 есептік көрсеткіште қала береді. Ал, егер автокөлік 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақыт жүрілген болса, онда бір реттік алым 50 есептік көрсеткішті құрайтын болады. Көліктің жүрілген мерзімі 3 жылдан асса онда 500 есептік көрсеткішті құрамақ. Айта кетейін, автобус немесе жүк көлігі әкелетін жағдайда тіркеу алымы мұнан да жоғары болады деп күтілуде. Бұл өзгертулер заң қабылданғаннан кейін жүзеге аспақ. Бүгінде жаңа заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенат қарауына жіберілді" деді вице-министр.

"Мұндай өзгерістер қазір күні бірқатар елде жүзеге асады. Олар, Венгрия, Дания, Болгария мен тағы бірнеше мемлекет. Осы мемлекеттердің барлығында бір реттік алым көліктің шығарылған жылына қарай алынады. Айта кетейін, заңға енгізілетін өзгерістер ұсталған көліктерді Қазақстанға әкелуді азайтуға мүмкіндік береді" деді Альберт Рау. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!