Соңғы жылдары мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамту 2,5 есе артты - М.Мырзағалиев

Фотография - Соңғы жылдары мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамту 2,5 есе артты - М.Мырзағалиев

Соңғы жылдары мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамту 2,5 есе артты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті

152 0

Соңғы жылдары мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамту 2,5 есе артты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

"Соңғы бірнеше жыл бойы, атап айтқанда, 2010 жылдан бері мұнай-газ саласында қазақстандық қамтуды арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Нақты деректерге жүгінер болсақ, бүгінгі күні 2014 жылдың қорытындысына сәйкес 3,1 трлн. теңге көлемінде сатып алулардың ішіндегі қазақстандық қамту деңгейі 1,7 трлн. теңгені құрады", - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, 2010 жылы бұл көрсеткіш небәрі 680 млрд. теңгені құраған еді.

"Яғни, өсім 2,5 есе болып отыр. Бұл өте қарқынды динамика екендігі түсінікті. Жалпы, біз осы динамиканы одан ары қолдай бергіміз келеді", - деді М.Мырзағалиев.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!