Астана қаласы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты

Фотография - Астана қаласы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты

Бұл туралы Астана қаласы Статистика департаменті хабарлайды

302 0

Астана қаласы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты. Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша нарықта жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,4%-ға артты.

«Бүгінгі таңда олардың саны 98736 бірлікті құрады, соның ішінде – 25397 заңды тұлға, 73332 – дара кәсіпкер және 7 шаруа қожалығы. Сондай-ақ, 2015 жылдың қазан айының басына дейін шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 28%-ға артып, 285388 адамды құрады. Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнімдер 1275762 млн. теңгені құрады», - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!