Қытайда азық-түлік қымбаттады Барлық құқығы қорғалған

Фотография - Қытайда азық-түлік қымбаттады  Барлық құқығы қорғалған

Көкөніс, ет бағасының көтерілуіне байланысты азық-түлік өнімдерінің құны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,7 пайызға артты

311 0

Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың қыркүйегінде Қытайда тұтыну бағасының индексі (CPI) 0,4 пайыздық пунктке, өнеркәсіп өндірушілерінің баға индексі 5,9 пайызға төмендеді. 

"Казах-зерно" АА мәлімдегендей, өткен айда көкөніс бағасы 10,4 пайызға өсті. Ет, құс пен олардан жасалған өнімдер 8,2 пайызға қымбаттап, CPI 0,62 пайыздық пунктке өсті. Көкөніс пен ет бағасының көтерілуіне байланысты азық-түлік өнімдерінің құны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,7 пайызға артты, деп жазады Синьхуа.

Қыркүйек айында темекі, ішімдік, киім, медициналық қызметтер, мәдени және ойын-сайық тауарлары, үй жабдықтары мен өзге де қызметтердің бағасы өссе, көлік пен телекоммуникация қызметтері керісінше арзандады.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!