Ақтөбе рельс зауытында 760 адам жұмыс істейтін болады

Фотография - Ақтөбе рельс зауытында 760 адам жұмыс істейтін болады

Кәспорында жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар қолданылады

322 0

Ақтөбе рельсті арқалық зауыты толық қуатына шыққанда кәсіпорында 760 адам жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Ақтөбе рельсті арқалық зауытының алғашқы өнімін шығару рәсімінде айтты. 

"Бұл кәсіпорынды индустрияландыру бағдарламасы аясында "Қазақстан Темір жолы" Ұлттық компаниясы жеке инвесторлармен бірге салды. Зауыт ұзындығы 120 метр рельс, сонымен бірге орта пішінді илек бұрыштықтар, швеллерлер және арқалықтар шығарады. Жылына 430 тонна өнім өндіру көзделіп отыр",- делінген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Кәспорында жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар қолданылады. Ақтөбе рельсті арқалық зауытының өнімдеріне шетелдіктер қазірдің өзінде қызығушылық білдіріп отыр. Орталық Азия аймағы нарығына бағытталған бірнеше келісімге қол қойылған. Грузия, Иран, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Ауғанстан, Литва және Қытай нарығына шығару көзделіп отыр. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!