Елорданың 2015-2017 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді

Фотография - Елорданың 2015-2017 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді

Қаланы абаттандыру жұмыстарына, елорданың көшелері мен аулаларын тазартуға арналған шаруашылық техника алу үшін қаражат бөлінеді.

201 0

 Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс 58-ші сессиясында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов елорданың бюджетіне енгізілетін өзгерістер бойынша халық қалауларына баяндама жасады. Оның айтуынша, елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсуі қаланың басты қаржы құжатына сүбелі үлес қосуға ықпал етті. Осыған орай, бюджеттік бағдарламалардың қаражаты қайта қаралу ұсынылды, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 



Бұл ретте аталған қаржы көздері елорданың әлеуметтік-маңызы бар мәселелеріне, атап айтсақ, құрылысы аяқталмаған мектептер мен балабақшаларды, спорттық кешендерді салып бітіруге, қаланың көлік инфрақұрылымының жұмысын жалғастыруға, әлеуметтік осал топтарды дәрі-дәрмекпен, оқушыларды оқу құралдары және оқулықтармен қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен қатар, қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына, елорданың көшелері мен аулаларын тазартуға арналған шаруашылық техника алу үшін қаражат бөлінеді.


Сессия аясында депутаттар Астана қаласының "Recommended by EXPO-2017" әріптестік бағдарламасына қатысушыларды іріктейтің комиссияның құрамын бекітті. Аталмыш бағдарлама қаланың қонақ үйлер желісі мен тамақтандыру орындарының сапасын жақсартуға бағытталған.


Бұдан бөлек, қалалық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін сатып алу келісімшарты жобасы мақұлдады.


Тегтер:

астана бюджет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!