Қытайдың статистикасы әлемдік мұнай бағасын арзандатты

Фотография - Қытайдың статистикасы әлемдік мұнай бағасын арзандатты

Дүйсенбіде мұнай тұтынуда әлемде екінші орындағы Қытайдың статистикасы негізінде мұнайдың әлемдік бағасы арзандататүсірді

503 0

Дүйсенбі күні "қара алтынды" тұтыну жағынан әлем бойынша екінші орындағы Қытайдың статистикасы негізінде мұнайдың әлемдік бағасы арзандай түсті деген сауда мәліметтері тарады.

 Астана уақыты бойынша сағат 12.17-де Brent маркалы солтүстік-теңіздік мұнай қоспасына белгіленген желтоқсандық фьючерстер құны 0,40%-ға арзандап, барреліне 50,26 доллар деп бекітілді. Ал WTI маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстер құны 0,37%-ға төмендеп, барреліне 47,55 доллар деңгейінде тұрақтады.

Қытайдың ЖІӨ өсімі жылдық көрсеткішке шаққанда болжанған 6,8%-дан асып түсіп, 6,9% деңгейіне жетті. Көрсеткіштің болжанған деңгейден жоғары болғанына қарамастан, елдің экономикалық өсімі 2009 жылдан бері ең баяу қарқынды көрсетіп отыр. Қытайда қыркүйек айында өнеркәсіптік өндіріс жылдық көрсеткішке шаққанда 5,7%-ға артты, болжанған көлем 6% болатын. Тамыз айындағы өсім 6,1% шамасында болды.

«Өндіріс бойынша төмен көрсеткіштер өзге мәліметтерге қатысты кез келген оптимистік реакцияны сейілтіп тастаған сыңайлы», - деген пікірімен бөлісті CMC Markets компаниясының аға сарапшысы Рик Спунер (Ric Spooner) Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.  


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!