Дүниежүзілік банк: шикізат бағалары едәуір құлдырайды

Фотография - Дүниежүзілік банк: шикізат бағалары едәуір құлдырайды

Дүниежүзілік банк шикізат нарығына қатысты шолу жасап, болжам айтты

281 0

Дүниежүзілік банк шикізат нарығына қатысты шолу жасап, болжам айтты. Құжатқа сәйкес, 2015-2016 жылдары мұнай, түсті металдар, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштар бағасы едәуір төмендейді.

Мұнайдың Brent, Dubai және WTI маркалары 2015 жылдың соңына дейін $52 бойынша саудаланса, келер жылы олардың орташа құны $51 дейін арзандауы ықтимал. Ал бұл Банктің шілдеде жасаған болжамынан сәйкесінше 5% және 9,8%-ға кем. Сондай-ақ өзге шикізат түрлерінің бағасы 2015 жыл соңына дейін 14%-ға құлдырап, келер жылы тек 1,2%-ға ғана қымбаттайды.

 Болжам көрсеткіштерінің нашарлауына Қытай мен бірқатар дамушы елдер экономикасы себеп болды. Қазіргі кезде бұл нарықтарда ұсыныс артып, сұраныс төмендеген, деп жазады gazeta.ru.



24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!