Қ.Келімбетов алдағы 3-5 жылда теңге бағамы нығаяды деп болжам жасады

Фотография - Қ.Келімбетов алдағы 3-5 жылда теңге бағамы нығаяды деп болжам жасады

Бұл туралы ол бүгін Мәжілістегі отырыстан кейін тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті

460 0

Ұлттық банк төрағасы алдағы 3-5 жылда теңге бағамының нығаятынын болжап отыр. Бұл туралы ол бүгін Мәжілістегі отырыстан кейін тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті. 

"Бәлкім, бүгінгі теңге бағамы Қазақстан экономикасына қажет деңгейде шығар. Ал ендігі сұрақ - еліміздің экономикасы осы жаңа бағамға қашан бейімделеді? Инфляциялық таргеттеуге өткеннен кейін, әдетте, 6-дан 12 айға дейін кез келген экономика жаңа бағамға, жаңа ақша-кредит саясатына икемделеді", - дейді Қ.Келімбетов.

Оның сөзінше, әрі қарай теңгенің күйі қалай болатыны бірнеше факторға байланысты.

"Бірінші, мұнай бағасы, егер оның бағасы 50 доллар шамасында болса, теңге қазіргі деңгейде қалады. Егер мұнай бағасы төмендеп, көрші экономикалар құлдыраса, теңгенің еркін бағамы бұған жауап беруге мүмкіндік береді. Ал егер де мұнай бағасы өсетін болса, ал оның бағасы алдағы 3-5 жылда өседі, осы жағдайда теңгеміз нығаяды. Осы күн туғанда барлығы сатып, тапқан табысына қуанатын болады", - деген пікірін білдірді Ұлттық банк төрағасы.



BNews.kz





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!