Катар қоры Қазақстан жобаларына 100 млн доллар инвестиция құяды

Фотография - Катар қоры Қазақстан жобаларына 100 млн доллар инвестиция құяды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың араб мемлекетіне ресми сапары аясында қазақстандық тарап бірқатар уағдаластыққа қол жеткізді

932 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың араб мемлекетіне ресми сапары аясында қазақстандық тарап бірқатар уағдаластыққа қол жеткізді.

Катар инвестициялық қоры Қазақстанның инфроқұрылымдық жобаларына 100 млн доллар қаражат құятын болды. Оның ішінде, Астана қаласында Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Танидің атындағы мектеп құрылысы туралы келісімге қол қойылды. Жақын арада елордада 20 мыңға жуық оқушыға арналған орта мектеп бой көтереді. Оған Катар кәсіпкерлері 12 млн доллардан астам қаржы аудармақ.

 Халифа Джассим Әл-Кувари, Катар инвестициялық қорының бас директоры: - Мектептің аумағы 3,7 гектарды құрайтын болады. Астана оның орнын белгілеп қойды. Ендің біз қазақ елінің елордасынан дизайн жобасын күтетін боламыз. Басқа да техникалық, сметалық құжаттар дайын бола сала құрылыс басталады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!