ҚР Ұлттық банкі Катардың қаржы институттарымен екі меморандум жасады

Фотография - ҚР Ұлттық банкі Катардың қаржы институттарымен екі меморандум жасады

Н. Назарбаевтың Катарға ресми сапары аясында ҚР Ұлттық банкі Катар қаржы институттарымен өзара түсіністік меморандумдарына қол қойды

761 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 25-26 қазандағы Катарға ресми сапары шеңберінде ҚР Ұлттық банкі Катардың қаржы институттарымен өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойды.

Катар Қаржы орталығын реттеу агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум банк, сақтандыру қызметін реттеу, активтерді басқару және банктік қадағалау мәселелері бойынша ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды көздейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Катар Мемлекетінің Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум қадағалау және банктік реттеу, қаржы жүйесін дамыту, сондай-ақ консультацияларды, тренингтерді, семинарлар мен тағылымдамаларды ұйымдастыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды көздейді.

ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің мәліметінше, меморандумдар Қазақстан мен Катар қаржы институттарының, оның ішінде ислам қаржыландыру және Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.


bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!