Астанаға 100 миллиард доллардан астам инвестиция салынды

Фотография - Астанаға 100 миллиард доллардан астам инвестиция салынды

17 жылдың ішінде қала халқы үш есеге артты, жалпы өңірлік өнім көлемі 65 есе ұлғайды, өнеркәсіптік өндіріс 17 есе артты.

370 0

Астана – инвестициялар үшін тартымды қала. Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан "Astana Invest 2015" VI Халықаралық инвестициялық форум барысында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Астана жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Бұған макроэкономикалық көрсеткіштер дәлел. 17 жылдың ішінде қала халқы үш есеге артты, жалпы өңірлік өнім көлемі 65 есе ұлғайды, өнеркәсіптік өндіріс 17 есе артты. Ал Астананың жалпы ішкі өнімі үш есе артса, инвестициялар 16 есеге ұлғайды. Елорда қалыптасқан уақыттан бері 16 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұның барлығы біздің есебімізше, қалаға 100 млрд доллардан астам инвестиция әкелді. Бұл инвесторлар үшін жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Мұның әлеуеті де жоғары екені сөзсіз.

Астана әкімі мәлім еткендей, №1 Индустриалды паркте инвестиция көлемі 1 млрд долларға жуық 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Әрекет етуші кәсіпорындар 2 млрд доллардан астам қаражатқа өнім шығарып, қызмет көрсеткен.

"Бізде инвестиция салуға тартымды көптеген салалардың бар екенін айтқым келеді. Астана арқылы Орталық Азия нарығына, сондай-ақ, Ресей мен Қытай секілді алып елдердің нарығына шығуға болады. Астана барлық өзара тиімді ұсыныстар аясында жұмыс жасауға дайын. Бүгін сомасы 1,9 млрд долларлық 34 меморандумға қол қойылады", – деді Ә.Жақсыбеков.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!