Жеңілдетілген автонесиелеуге тағы 10 млрд. теңге бөлінеді

Фотография - Жеңілдетілген автонесиелеуге тағы 10 млрд. теңге бөлінеді

сурет standardkazakhstan.kz сайтынан

Жеңілдетілген автонесиелеуге бөлінген қаражаттың 77 пайызы игерілді

348 0

Қараша айында жеңілдетілген автонесиелеуге тағы 10 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның даму банкінің басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.

Оның айтуынша, жыл басында бөлінген бірінші транш аясындағы 15 млрд. теңгенің 12,5 млрд. теңгесі жұмсалған.

"Жеңілдетілген автонесиелеуге бөлінген қаражаттың 77 пайызы игерілді. Ең үлкен танымалдылыққа "Хюндай" мен "Киа" көліктері ие болып отыр. "Шкода" үшінші орында. "Азия Авто" компаниясының лимиті толығымен игерілген, «Сарыарқа автоөнеркәсіп" нәтижелері де нашар емес, "Агромаш холдинг" компаниясының нәтижелері сәл нашарлау. "Агромаш холдинг" туралы аз-кем түсіндіре кетейін, олар "Пежо" көліктерін сатып алу бойынша біздің акредитивімізді алу үшін банктің талаптарын орындауы тиіс болған. Олар жақында ғана осы талаптарды орындап шықты. Біз акредитив аштық және қазіргі уақытта "Пежо" көліктеріне де жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі туды. Жыл соңына дейін "Агромаш холдинг" жоғарыда аталған екі компанияны қуып жетеді деп санаймын", - деді Б.Жәмішев.

Оның айтуынша, жеңілдетілген несие бағдарламасының екінші траншы бойынша барлығы 10 млрд. теңге бөлінеді. 

"Үкіметтің Қаулысы бір айдың көлемінде қабылданады деп үміттенеміз. Транш қандай кәсіпорынға бөлінетінін алдын ала айта алмаймын. Бірінші транштың игерілу нәтижесі қаперге алынатынын айтамыз. Меніңше, қарашаның екінші жартысында екінші транш бөлініп, осы бағдарламаны жалғастыру мүмкін болады деп ойлаймын", - деді Б.Жәмішев.

"ҚДБ Лизинг" бойынша көліктерге 620 млн. теңгеге 8 лизингтік келісім жасалды. "ҚДБ Лизинг" негізінен арнайы автокөліктерге беріледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!