Brent маркалы мұнайдың бағасы 50 доллардан асты

Фотография - Brent маркалы мұнайдың бағасы 50 доллардан асты

Мұнайдың әлемдік бағасы Baker Hughes компаниясының АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары туралы мәліметтер негізінде өсті

267 0

Мұнайдың әлемдік бағалары жұма күні Baker Hughes компаниясының АҚШ-та жұмыс істеп отырған бұрғылау қондырғылары туралы мәліметтер негізінде өсті. Brent маркалы мұнайдың бағасы сауда барысында бір баррелі үшін 50 доллардан асқан, деп көрсетеді сауда мәліметтері. 

Бұл туралы РИА "Новости" хабарлап отыр. 

Жергілікті уақытпен сағат 21:33-тегі жағдай бойынша, Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының желтоқсандағы фьючерстерінің құны 1,37 пайызға өсіп, бір баррель үшін 49,47 долларды құрады, бұл ретте ол 19 қазаннан бері бір баррель үшін 50 доллардан асатын бағаны алғаш рет көрсеткен. WTI маркалы мұнайдың фьючерстер бағасы 0,90 пайызға өсіп, бір баррель үшін 46,48 долларға дейінгі бағаны көрсетті.

Американың Baker Hughes мұнай-газ қызметі компаниясының мәліметтерінше, штаттарда аяқталған жұмыс аптасының қорытындылары бойынша бұрғылау қондырғыларының жалпы саны 12 данаға, немесе 1,52 пайызға қысқарып, 775 бірлікті құраған. Жылдық мәнде бұл көрсеткіш 1154 бірлікке, немесе 59,8 пайызға төмендеген.

Бұл ретте мұнай бұрғылау қондырғыларының саны 16 бірлікке, немесе 2,69 пайызға, 578 данаға дейін төмендеген. Газды барлау қондырғыларының саны бұл ретте 4 бірлікке, немесе 2,07 пайызға өсіп, 197 қондырғыны құраған.


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!