Назарбаев Ұлттық банк басшылығына Акишевті ұсынды

Фотография - Назарбаев Ұлттық банк басшылығына Акишевті ұсынды

Қайрат Келімбетов ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылды

868 0


Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Сенат парламентіне Ұлттық банк басшысына қатысты сөзін жария етті, деп жазады Today.kz.  Елбасы Қайрат Келімбетовты Ұлттық банк төрағасы қызметінен босату шешімі туралы айтты. Сонымен бірге Назарбаев қоғамда қаржылық реттеуші мен ұлттық алютаға деген сенімнің төмендегенін атап өтті.

Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жетекшісі, Президент көмекшісінің қызметін уақытша атқарушы Данияр Акишевті Ұлттық банк төрағасы орнына тағайындауға сенаттан рұқсат сұрады. Президент оның құзыреттілігі мен  үлкен тәжірибесін атап өтті.

"Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірді. 18 жылдан астам уақыт Ұлттық банкіде қызмет етіп келді, оның жеті жылын төраға орынбасары ретінде. Қазіргі кезде Президент әкімшілігінде жұмыс істейді, еліміздегі жағдай мен экономикалық мәселелерді зерттеп жүрді", - деді мемлекет басшысы.

Елбасы Қазақстанның экономикалық жағдайына бірқатар факторлар әсер ететінін айта кетті, оның ішінде негізгі экспорттық тауарларға бағаның төмендеуі, әлемдегі геосаяси ахуал мен Қытайдағы экономикалық жағдай.

Қайрат Келімбетов Ұлттық банк басшысы болып 2013 жылдың 1 қазанынан бері істеген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!