Мұнай бағасы жан-жақты бағытта өзгеріп жатыр

Фотография - Мұнай бағасы жан-жақты бағытта өзгеріп жатыр

Жұмыс аптасының бірінші күні мұнай бағасының көрсеткіштері жан-жақты өзгеріске ұшырап жатқаны байқалады

242 0

Жұмыс аптасының бірінші күні мұнай бағасының көрсеткіштері жан-жақты өзгеріске ұшырап жатқаны байқалады. Бұл көрсеткіш Baker Hughes компаниясының АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының саны мен Қытай өнеркәсіп өндірісінің әлсіз статистикасына байланысты анықталып отыр, деп хабарлайды ПРАЙМ.

Бүгін Brent маркасы өнімдері 0,18% - 49,55 доллар/ баррельге, WTI маркасының мұнайы 0,45% - 46,38 доллар/баррельге төмендеген.

Американың Baker Hughes мұнай-газ сервистік компаниясының мағлұматы бойынша, бір апта жұмыс уақытынан кейін штаттардағы бұрғылау қондырғыларының саны 12-ге қысқарған. Бұл бүкіл қондырғының 1,52%-ы, яғни, қазір 775 қондырғы қалды.

Caixin және Markit Economics тәуелсіз зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Қытай өнеркәсіп бөлігіндегі іскерлік белсенділік индексі (PMI) қазан айында 48,3 болған. PMI көрсеткіші өнеркәсіп саласындағы сатып алу менеджерлері арасында сауалнама арқылы анықталған.

Қытай Мемлекеттік статистикалық бюросының ақпаратына сүйенсек, PMI индексі үш ай қатарынан төмендеп келеді. Демек, Қытай өнеркәсібінің іскерлік белсенділігі ай сайын төмендеп отыр. Индекс 50-ден асса белсенділік жақсы, ал одан төмендей бастаса, белсенділік те төмендеп жатыр деген сөз.


BNews.kz


Тегтер:

мұнай бағасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!