Қазақстандықтар ипотекадан мемлекеттік жинақ жүйесіне ауысуда

Фотография - Қазақстандықтар ипотекадан мемлекеттік жинақ жүйесіне ауысуда

Соңғы жылда үйді қарызға алу 7%-ға кеміп, ТҚЖ несие портфелі 40% қосты

254 0

Еліміздің тұрғындары біртіндеп ипотекадан мемлекеттік тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне ауыса бастады. Соңғы жылда үйді қарызға алу 7%-ға кеміп, ТҚЖ несие портфелі 40% қосты.

"ҚР ипотекалық қарыз көлемі 2%-ға кеміп, өткен жылдағы шарықтау шегінен кейін 895,6 млрд теңгеге дейін төмендеген. 2014 жылы – 23%, 2013 жылы – 25%-ды көрсеткен несие портфелі бұл жылы 22%-ға дейін кеміді", - дейді сарапшылар.

Жылжымайтын мүліктің күн санап қымбаттауы мен еңбекақы деңгейінің тоқырау үрдісіне байланысты тұрғындар үшін ипотека қызметі тиімсіз болып отыр.

Ипотека нарығының дәстүрлі ұсыныстарына көз жүгіртсек, 20% бастапқы жарна төлеу шартымен ипотека 15 жылға беріледі. Жылдық тиімді төлем 9,6%-дан 21,9%-ға дейін. Нарықтағы орта есеппен алынған тиімді төлем – 17,04%.

Бір бөлмелі үйді сатып алу үшін кем дегенде 5 миллион теңге қажет. Бұл 20% бастапқы жарнаны қоспағандағы баға. Ал мұндай ұсынысты қолданған сатып алушы ай сайын 76,9 мың теңге несие төлеп отыруы керек. Яғни, тұтынушы банктен алған ақшаның үстінен тағы 278% төлейді.

"Елімізде еңбекақы орташа есеппен 121,0 мың теңге. Демек, ипотека қызметін төлеу үшін айлықтың 64%-ы жұмсалады. Бір жыл бұрын ипотека төлеу үшін айлықтың 62%-ы, ал екі жыл бұрын 58%-ы жұмсалатын", - дейді Ranking мамандары.

Салыстыра кетсек, ТҚЖ жүйесі арқылы үй сатып алу үшін ай сайын 50,3 мың теңге төлеу керек. Бұл тұтынушы айлығының 42%-ы. Осындай несиеге алынған ақшаның үстінен 181% төленеді.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!