Юань тұрақсыздығы Қытай нарығында қиындықтар тудыруда

Фотография - Юань тұрақсыздығы Қытай нарығында қиындықтар тудыруда

Юань бағамындағы тұрақсыздық әлем экономистерінің бас тақырыбына айналып отыр

343 0

Юань бағамындағы тұрақсыздық әлем экономистерінің бас тақырыбына айналып отыр. Мысалы, "Блумберг" парақшасында экономист Том Орлик Қытайдағы соңғы он жылды "қарбаласқа толы кезең" деп бағалады.

 "Қытай Халық Банкі юаньға кенеттен давальвация жасау арқылы әлемдік нарықты таң қалдырды", - дейді сарапшы.

Күн шығыс елі 2005 жылдың шілдесінде юаньді доллар бағамына байлау саясатынан бас тартты. 2008 жылы дағдарыстың кесірінен валюта долларға тәуелді болуын жалғастырды. Дегенмен, 2010 жылы Пекин валюта бағамын қымбаттатуды қайта жандандырып, нәтижесінде 2012 жылдың көктемінде юаньнің сауда-саттық ауқымы екі есеге өскен. Ал 2014 жылы бұл ауқым тағы да кеңейтіле түскен. Алайда биыл шілде айында экспорттау былтырғы жылмен салыстырғанда 8,9%-ға кемігені белгілі болды. Сарапшының пікірінше, Қытайдағы қарбаластың саябырситын кезі әлі алыс. Дегенмен, юаньді еркін айналымға жіберу арқылы Қытай экономикасы біршама қарыштағаны анық.

Айта кетейік, жаңа ресми бағам бойынша 1 доллар шамамен 6,4 юаньді құрап отыр.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!