Еуропаның ірі банктері 30 мың қызметкерін қысқартпақ

Фотография - Еуропаның ірі банктері 30 мың қызметкерін қысқартпақ

Олардың арасында Standard Chartered банкі де бар

276 0

Еуропаның ірі банктері 30 мың қызметкерін, яғни, әрбір жетінші қызметкерін жұмыстан босатпақ. Олардың арасында Standard Chartered банкі де бар.

Лондонның Standard Chartered банкі 15 мың (17%) қызметкерін қысқартпақ. Қазір банктер жұмыс істемей тұрған несиелердің салдарынан көп шығындалғандықтан, осындай шара қолдануға мәжбүр болып отыр.

Өткен аптада Deutsche Bank банкі 11 мың, Credit Suisse 5,6 мың жұмысшысын босататынын мәлімдеген болатын.

Сонымен, жоғарыда аталған Еуропаның ең ірі 3 банкі қаржылай дағдарыстың салдарынан осындай әрекетке көшіп отыр. Standard Chartered пен Credit Suisse өз акционерлерінің табыстарын төлеуді тоқтатпайтынын мәлімдесе, Deutsche Bank капиталын сақтап қалу үшін таяу 2 жылға барлық төлем түрлерін тоқтатып тастады.

Бұл – еуропалық банктердің дағдарыс кезеңіндегі қиындықтарға жылдам бейімделе алмағандығын көрсетіп отыр.

Көп ұзамай, бұл өңірдегі өзге банктер де осы 3 банктің кебін кимек. Мәселен, Италияның UniCredit SpA банкі 12 мың қызметкерін босатуды жоспарлап отыр. Алғашында 10 мың жұмысшыны қысқартуды ойлаған банк нақты қанша адамды босататынын активтерін сатқаннан кейін жарияламақ.

Deutsche Bank банкі активтерін сату есебінен шілде айынан бастап 26 мың қызметкерін, яғни, жұмысшылардың төрттен бірін қысқартуды бастады. Банк бұл процесті 2018 жылдың соңында аяқатауды жоспарлап отыр.

Ал Credit Suisse банкі АҚШ, Ұлыбритания және Швейцариядағы мамандарын босатпақ.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!