KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 298,92 теңге

Фотография - KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 298,92 теңге

АҚШ долларының бағамы бір долларға 298,92 (+14,64 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 100 800 мың АҚШ долларын құрады.

309 0

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 298,92 (+14,64 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 100 800 мың АҚШ долларын (+10 300 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша. мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір еуроға 325,00 теңгені құрады, ұсыным - бір еуроға 335,00 теңге.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша. мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 44,9220 теңгені (+0,4620 теңге) құрады, ал сауда-саттық көлемі - 500 мың юаньді (+400 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!