ОПЕК 2019 жылға дейін өз мұнайына деген сұраныс төмендейді деп болжап отыр

Фотография - ОПЕК 2019 жылға дейін өз мұнайына деген сұраныс төмендейді деп болжап отыр

ОПЕК тәулігіне 30 миллион баррель өндіру шектеуін қойды

286 0

ОПЕК алдағы жылдары өз мұнайына деген сұраныстың төмендеуін болжап отыр, делінген ұйымның ішкі жасырын баяндамасында, деп хабарлады Рейтер.

Баяндамада 2019 жылға дейін сұраныстың аздап төмендеуі болжанған. Ал ОПЕК елдерінде өндірілетін мұнайдың жылдық орташа бағасы, ұйымның есебінше, ағымдағы жылы бір баррель үшін  $55 құрап,    жылына $5 қымбаттап,  2020 жылы құны $80 жетеді.

ОПЕК тәулігіне 30 миллион баррель өндіру шектеуін қойды. Алайда нақты өндіріс бұл көрсеткіштен асады. Ұйым 4 желтоқсанда өтетін кеңесте мұнай өндіру саясатын талқылайды.

Баяндамада 2020 жылдан кейін қатпарлы мұнай және газконденсатты сұйықтық өнімінің қысқаруы есебінен ОПЕК-тің нарықтық үлесі мен өндірісі ұлғаяды деп болжанған.  


ҚазАқпарат


Тегтер:

ОПЕК мұнай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!