БАӘ компаниясы Солтүстік Қазақстанға инвестиция салмақ

Фотография - БАӘ компаниясы Солтүстік Қазақстанға инвестиция салмақ

Компанияның 2 негізгі өнім желісі бар: ауыл шаруашылығы өнімдері (Ұн түрлері, жем-шөп), тағам өнімдері.

445 0

Бүгін Біріккен Араб Әмірлігінде ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Кайрат Лама Шариф "Agthia Group" компаниясының бас менеджері Абдурахман аль-Хашимиді қабылдады. 

Аталған компания басшылығы таяуда Қазақстаннан келді. Олар Астанада өткен қазақстандық-әмірлік бизнес-форумға қатысты. 
Кездесу барысында "Agthia Group" компаниясы СҚО ауыл шаруашылығы саласын инвестициялаудың әлеуетті жоспарлары жайында айтты. ҚР Елшілігі қазақстандық өкілдермен байланыс орнатуға жәрдем көрсетуге әзір екендігін білдірді.
"AgthiaGroup" компания тобы - БАӘ ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсібінде көшбасшы саналады. Компания 2004 жылы құрылған.
2005 жылы компания Әбу-Даби Қор биржасы (AbuDhabiSecuritiesExchange, ADX) тізіміне кірді.
Компания акциясының 49 пайызға жуығы түрлі жекеменшік инвесторларға, 51 пайызы - Әбу-Даби үкіметінің мемлекеттік компаниясы "General Holding Corporation" холдингіне тиесілі. 
БАӘ-дан басқа, компания Мысырда, Түркияда өнімдерін шығарады. Компанияның 2 негізгі өнім желісі бар: ауыл шаруашылығы өнімдері (Ұн түрлері, жем-шөп), тағам өнімдері (сусын, ауыз су энергетикалық сусындар).
Компания өнімдері мына елдерде сатылады: Германия, Италия, Румыния, Түркия, Ливан, Катар, Кувейт, Бахрейн, Оман, Палестина, Иордания, Ирак және БАӘ.


ҚазАқпарат




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!