Өткен айда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 21 мың теңгені құрады

Фотография - Өткен айда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 21 мың теңгені құрады

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,6%

151 0

2015 жылдың қазан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21 226 теңгені құрады.  Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2015 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 3,8%, 2014 жылғы қазанмен - 4,1%-ға жоғарылады. 

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,6%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,5%, жемістер мен көкөністерді - 15,2%, нан және жарма өнімдерін - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,2%-ды құрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!