Қазақстанда көліктер 1-1,7 млн теңгеге қымбаттады

Фотография - Қазақстанда көліктер 1-1,7 млн теңгеге қымбаттады

2015 жылғы көліктер 1,7 миллион теңгеге бір-ақ шарықтаған.

1107 0

Қазақстанда көк қағазбен бірге көлік те қымбаттады. Тек сырттан тасымалданатын машиналар ғана емес, "отандық" деген белгімен елде құрастырылып жатқан автокөліктердің де бағасы аспандап кетті.   Бұл туралы almaty.tv хабарлайды.

Мәселен, зауыттан өткен жылы шыққан кореялық машиналарға 400-ден 700 мың теңге аралығында баға қосылса, ал 2015 жылғы көліктер 1,7 миллион теңгеге бір-ақ шарықтаған. ŠKODA, Chevrolet, Mercedes-Benz, Audi, Porsche, Nissan және Toyota мен Lexus маркаларының да бір миллион теңгеге дейін құны көтерілген. Тамыз айынан бері темір тұлпарларға теңгенің қосылуы осымен үшінші рет тіркеліп отыр.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!