Әзербайжанда азық-түлік қымбаттады

Фотография - Әзербайжанда азық-түлік қымбаттады

Қызанақ, қияр, сарымсақ, баялды, пияз, картоп, тәтті бұрыш бағасы өссе, көк бадана құны арзандады

352 0

Қазан айында Әзербайжанда азық-түлік бағасы қыркүйекпен салыстырғанда 1,8 % өсті. Бұл туралы Әзербайжанның статистика бойынша мемлекеттлекеттік комитетінің хабарламасында айтылды. 

Қызанақ, қияр, сарымсақ, баялды, пияз, картоп, тәтті бұрыш бағасы өссе, көк бадана құны арзандады. Айва, анар, жүзім, алмұрт, грек жаңғағы мен алма арзандады. Жұмыртқа, үй құсы еті және сүт бағасы қымбаттады. 

Статистика ақпаратынша, қазан айында күріш, макарон өнімдері, қант, ұн, құс еті, шұжық, сүт өнімдері, жұмыртқа, сары және өсімдік майы қымбаттады.
Атап өтейік, 2015 жылдың қыркүйегінде Әзербайжанда азық-түлік 0,6% қымбаттаған.
Супермаркеттерде нан бағасы 0,4 манаттан (40 капик), яғни 0,38 АҚШ долларынан басталады, сұранысқа ие түрлерінің құны 0,50 және 0,65 манат, бұл шамамен 130-160 теңге.
Сонымен қатар, қостанайлық өнім «Корона» ұнының бір келісін әзербайжандар 1 манат немесе шамамен 270-280 теңгеден сатып алады, деп жазды ҚазАқпарат.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!