Қытай орталық банкі 7 күн қатарынан юань девальвациясын жүргізуде

Фотография - Қытай орталық банкі 7 күн қатарынан юань девальвациясын жүргізуде

Бұл 2012 жылдан бері тіркелген ең ұзақ мерзім

307 0

Қытай Халық банкі жеті күн қатарынан юань девальвациясын жүргізіп келеді. Бұл 2012 жылдан бері тіркелген ең ұзақ мерзім, деп хабарлайды vestifinance.ru.

Қытай валюта бағамының төмендеуі қарыздың астында қолған қор нарығы үшін қуатты қолдау болып тұр. Нарықпен бірге қарқынды даму үстінде келе жатқан

Shenzhen және ChiNext индекстері өте жақсы көрсеткіштерге жетті.

Сондай-ақ, доллар бағамы азиялық валюталарға қарағанда төмендеп келеді. Бұл жағдай қор нарығына айтарлықтай қысым көрсету керекті-міс. Қазір мыстың бағасы ең төменгі көрсеткіштерге жетіп, цинк, никель арзандап кетті. Қытай контейнерлі тасымалдау индексі болса, ең төменгі деңгейге құлады. Қытай девальвациясы жайында айтылған барлық болжамдар орындалып келеді.

Юань соңғы 10 жыл көлемінде әлденіп келе жатты. Қазір оның күшін сәл әлсірету қажет. Себебі қымбат валюта нарықта мемлекеттің бәсекеге сай қабілетінен айырады. Соңында экспорт саласы да ақсаңдап қалары анық.

АҚШ және басқа да батыс елдерінің тарапынан қысым көргендіктен, 2005 жылы билік тарапынан юаньді еркін ағымға жіберу шешімі қабылданған болатын.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!