Үш айда GoPro компаниясы акцияларының құны 60%-ға құлады

Фотография - Үш айда GoPro компаниясы акцияларының құны 60%-ға құлады

Америкалық GoPro видеокамераларын өндіруші компанияның акциялары бейсенбі күні алғаш рет бастапқы құнынан төмендеді

157 0

Америкалық GoPro видеокамераларын өндіруші компанияның акциялары бейсенбі күні алғаш рет бастапқы құнынан төмендеді. Бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел, деп хабарлайды ПРАЙМ. 

"Мәскеу уақытымен сағат 21.42-дегі (Астана уақытымен 00:42) мәлімет бойынша, GoPro акциялары 6,06%-ға, бір акциясына 23,58 долларға дейін төмендеді. Осылайша 2014 жылы өткен ІРО-дағы бастапқы құнынан да арзандады", - деп ақпарат таратуда агенттік.

Компания биылғы жылдың тамызында Hero4 Session жаңа камераларына сұраныстың аз екенін хабарлағаннан кейін, GoPro акциялары біртіндеп төмендей бастаған. Қазан айында жарияланған үшінші тоқсанның есеп-қисабындағы деректер компанияның кірісі өскенін көрсеткенімен, ондағы сандар сарапшылардың болжамынан әлеқайда төмен болып шықты. Соңғы үш ай ішінде компания акциялары шамамен 60 пайызға құлады, деп хабарлайды MarketWatch агенттігі.

GoPro Inc. компаниясының негізі 2002 жылы қаланған. Аталған компания GoPro брендімен спорт мен демалыстың белсенді түрлеріне арналған экшн-камералар мен аксессуарлар шығарады.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!