Назарбаев теңге бағамы туралы: ерекше ештеме болып жатқан жоқ

Фотография - Назарбаев теңге бағамы туралы: ерекше ештеме болып жатқан жоқ

Президент ҚР Ұлттық банкінің төрағасымен кездесті

758 0

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Әкішевпен кездесті. Кездесу барысында Ұлттық банктің қазіргі қызметі мен қаржылық-кредитті сасаты, елдегі қаржылық тұрақтылық, сондай-ақ, банктің экономиканың нақты секторын кредиттеу мәселелері талқыланды, деп жазады Today.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың теңгеге сенімін қайтару үшін Ұлттық банкке шара қолдану мен экономиканы долларсыздандыру жұмысын жалғастыру керектігін атап өтті.

"Ұлттық валютаның еркін бағамы уақытында тұрғындарға ерекше ештеме болып жатпағанын түсіндіру қажет. Теңгеге энергиятасымалдаушылар бағасының төмендеуі әсер етіп жатыр, бұл қалыпты процесс. Сонымен қатар, инфляция деңгейін, әлеуметтік маңызды тауарлармен қамсыздандыру, әлеуметтік әлсіз тұрғындарға көмек көрсетуді бақылау керек. Облыс әкімдері бұл мәселелерді бақылауда ұстау керек", - дейді Қазақстан президенті.

Ұлттық банк төрағасы өз кезегінде әлемдік қаржы және тауар нарығындағы қазіргі оқиғаларды есепке алу керектігін мәлімдеді

"Осы жағдайда қаржылы-кредиттік саясатты дұрыс жүргізу маңызды, бағамды ыңғайлы қалыптастыру керек. Бастысы – қоғамға не болып жатқанын түсіндіру", - дейді Әкішев.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!