Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 млрд 120,6 млн долларды құрады

Фотография - Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 млрд 120,6 млн долларды құрады

2015 жылдың қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 млрд 120,6 млн. АҚШ долларын құрады.

544 0

 2015 жылдың қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 млрд 120,6 млн. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде экспорт - 3 млрд 835,5 млн. АҚШ доллар (29,2%-ға аз), импорт - 8 млрд 285,1 млн. АҚШ долларын (24,1%-ға аз) құрап отыр. Бұл туралы  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Комитеттің мәліметтеріне қарағанда, биылғы көрсеткіш 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 25,8 пайызға аз. Жалпы, Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (47,4% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18,5%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (16,8%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (7,7%) құраған.

Сонымен бір мезгілде ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар импортталып отыр, бұл ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 29,8 пайызға тең. Сондай-ақ, экономикалық одақ елдерінен Қазақстанға көбінесе минерал өнімдері (14,6%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (14,5%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,4%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (13,0%) әкелінген. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!