Шұбаркөл көмірі Жапония мен Польшаға сатыла бастады

Фотография - Шұбаркөл көмірі Жапония мен Польшаға сатыла бастады

Көмір бойынша ахуал күрделі. Ресей өзінің өндірістік қуаттарын ресейлік көмірге қайта жабдықтауда

381 0

Шұбаркөл көмірі Жапония мен Польшаға сатыла бастады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен "Бәсекеге қабілетті тау-кен металлургия кешені - бәсекеге қабілетті Қазақстан" атты халықаралық форумда Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының президенті Николай Радостовец мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Көмір бойынша ахуал күрделі. Ресей өзінің өндірістік қуаттарын ресейлік көмірге қайта жабдықтауда. 1,5-2 жылда біз 4 пайыз Ресей нарығын жоғалтып алдық. Көмір бойынша біздің ондағы үлесіміз едәуір болатын. Алайда біз жаңа нарықтарға шығып жатырмыз. Қазір бізде Шұбаркөлдің көмірі Жапонияға сатылуда, Польшаға жеткізіле бастады", - деп атап өтті ол тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұған ҚР Үкіметінің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы транзиттік тауарлардың тасымалдану тарифтеріне қатысты келісімдері оң ықпал еткен.

"Осы жағдайда біз Қазақстанның Үкіметіне ризашылық білдіреміз. Себебі ЕАЭО аясында қазақстандықтар Ресей порттарының ішкі тарифтеріне қол жеткізді. Бір жерде жағдай нашарласа, кей жерлерде жақсарып жатыр. Қиын-қыстау кезеңде осындай жаңа келісімдерді іздеуге тура келеді. Жақын болашақта Қытай нарығы біздің өнімдер үшін ашылады деген үміт бар. Оған да дайындаламыз. Ол үшін шығындарды азайтып, өнімнің құнын кемітуіміз қажет", - деді Н.Радостовец.

 


Тегтер:

көмір импорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!