Тау-кен саласында шикізат бағасының деңгейі төмендеп кетті

Фотография - Тау-кен саласында шикізат бағасының деңгейі төмендеп кетті

18 қарашада Тау-кен-металлургиялық өнеркәсіп жұмысшыларының VI съезін өткізу жоспарланып отыр.

182 0

Бүгінде әлемдік дағдарысқа байланысты нарықтағы шикізат бағасы төмендеді. 2017 жылға қарай еліміздегі тау-кен өнеркәсібі жаңа серпінмен дамиды деген сенімдеміз деді ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец "Бәсекеге қабілетті тау-кен металлургиялық кешен бәсекеге қабілетті Қазақстан" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда. 

"Бүгінгі күні нарықтағы шикізат бағасы өте төмен деңгейде. Мемлекет басшымыз айтқандай, бұл ұзақмерзімге созылатын дағдарыс. Сондықтан жиында бұл дағдарыстан қалай, қайтіп шығамыз, соған көп мән беруіміз қажет. Біздің де шикізат өнімдеріміздің бағасы төмендеп кетті. Біз осы халықаралық форумға шетелдік ғалымдармен қатар, еліміздегі профессор, ғалым, техника ғылымының докторларын шақырдық. Осы ретте олармен бірігіп экономикалық жағынан үнемдеудің жаңа технологиясын енгізуді жоспарлап отырмыз. Салыққа қатысты жаңа ережелер жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген ойдамын. Ертең біз жыл сайын болатын съезд өтеді. Жиында біз тау-кен өнеркәсібіне қатысты нақты шешімдер қабылдаймыз. Сондай-ақ, Үкімет және кәсіподақпен үш жыл бойына атқаратын қызметіміз жайлы келісімшарттарға қол қоямыз", - деді ол.

Айта кетйік, ертең, яғни,18 қарашада Тау-кен-металлургиялық өнеркәсіп жұмысшыларының VI съезін өткізу жоспарланып отыр. Ол "Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы тау-кен-металлургиялық кешені кәсорындарының жұмысы" тақырыбы аясында болмақ. Аталған жиынға үш жүзден аса сала мамандары қатысады деп күтілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!