Оралдағы құс фабрикасында жылына 74 миллион дана жұмыртқа өндіріледі

Фотография - Оралдағы құс фабрикасында жылына 74 миллион дана жұмыртқа өндіріледі

Айта кету керек, еліміздің әр тұрғыны жылына кемі 150 дана жұмыртқа тұтынады екен.

187 0

Қазір кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, құстарға қажетті азықты өзінде дайындауға кірісті. Сол арқылы өнімнің құнын төмендетуге мүмкіндік туады. Айта кету керек, еліміздің әр тұрғыны жылына кемі 150 дана жұмыртқа тұтынады екен. Отандық кәсіпорындар қазір ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етіп отыр. Қазір кәсіпорындағы мекиен саны 250 мыңға жетті. Басым бағыт жұмыртқа өндіру болғандықтан, жылына небары 200 тоннадай құс еті дайындалады. Сапалы жұмыртқа алу оңай емес. Әрбір құстың саулығы мен азығын үнемі қадағалап отырамыз,- дейді мамандар. 

Әділжан Хайрулин, құс фабрикасының бас ветеринар дәрігері: Алдыналу жұмыстары сол дезинфекция, дератизация, вакцинация. Бүкіл тауықтарды аса қауіпті ауруларға егіп, құс тұмауы, ньюкасл, инфекиялы бронхит т.б. қарсы вакциналар егеміз. Вакциналар таза, Израильден келген, сертификат лайықты, бәрі бар Фабрика жұмысын бастаған кезде жылына небары 50 миллион дана жұмыртқа өндірілетін. Бұл осыдан он жыл бұрынғы жағдай. Қазір оның көлемі 74 миллионға жетті. Кәсіпорында 140 адам жұмыс істейді. Дайын өнім негізінен жергілікті сауда орындарына шығарылады. Сонымен қатар көрішлес Атырау мен Ақтөбе облыстарыда да сұранысқа ие.

 Ольга Нернова, Орал құс фабрикасының операторы: Мен бұл цехта 2008 жылдан бері құс өсіруші оператор болып жұмыс істеймін. Менің міндетім – құстардың жағдайын бақылап, уақтылы азықтандырып отыру. Жүз мекиеннің кемінде 93-і жұмыртқалайды.

 Орынгүл Шәріпова, "Орал құс фабрикасы" ЖШС директорының орынбасары: - Негізі құрама жемнің бағасын ішінара төмендету үшін мемлекет бізге субсидия беріп тұрады. Соның арқасында қазір жұмыртқаларды негізі төмен бағамен сатып отырмыз, 160 теңгеден. Жуырда сиымдылығы 6 мың тонна болатын азық сақтау қоймасының құрылысы аяқталды. Құрама жемнің кәсіпорын базасында дайындалуы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге жол ашты. Ендігі міндет – бүгін ғана әкелінген 56 мың балапанды аман-есен өсіріп, болашақта одан сапалы өнім алу, - дейді кәсіпорын мамандары. Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Ғазезов, Қанат Махмұтов.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!