"Самұрық-Энерго" инвестициялық бағдарламаларын 28 млрд. теңгеге қысқартты

Фотография - "Самұрық-Энерго" инвестициялық бағдарламаларын 28 млрд. теңгеге қысқартты

Сонымен қатар ағымдағы шығындарды 9 млрд. теңгеге немесе 5 пайызға төмендеттік», - деп атап өтті А.Сатқалиев.

338 0

"Самұрық-Энерго" компаниясы инвестициялық бағдарламаларын 28 млрд. теңгеге қысқартты. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлім етті.

«Біз акционермен және директорлар кеңесімен бірлесіп, қазіргі қалыптасып отырған жағдайға байланысты шығындарды азайту және инвестициялық бағдарламаларды оңтайландыру жұмыстарын атқардық. Нақты сандарға тоқталсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылғы экономикалық жағдайды ескере отырып, "Самұрық-Энерго" инвестициялық бағдарламаларын 28 млрд. теңгеге немесе 23 пайызға қысқарттық, сонымен қатар ағымдағы шығындарды 9 млрд. теңгеге немесе 5 пайызға төмендеттік», - деп атап өтті А.Сатқалиев.

Операциялық және инвестициялық шығындарды азайту жұмыстары 2016 жылға да жасалды. Төрағаның айтуынша, келесі жылы жоспарланған жұмыстар 2,9 млрд. теңгеге қысқартылды. Ал инвестициялық бағдарлама 27 млрд. теңгеге азайтылды.

Алмасадам Сатқалиевтің атап көрсеткеніндей, 2015 жылы компания пайдасы 196,8 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Ол өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға аз, себебі Мемлекет басшысының тапсырмасымен компания активтерінің бір бөлігін жекешеліндіруге жіберді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!