Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы бір пайызға өсті

Фотография - Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы бір пайызға өсті

Досаев: Қазақстан экономикасының биылғы 10 айдағы өсімі 1 пайызды құрады

1913 0

Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті. 

Биылғы 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала нәтижесіне тоқталған министр: "Қабылданған  инфрақұрылымдық дамудың "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының арқасында және 2015-2016  жылдарға арналған Үкіметтің шұғыл шаралары жоспары аясында Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 1 пайызды құрады",-деді.

Оның сөзіне қарағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 2,2 пайызға төмендеуі салдарынан  өнеркәсіптік өндіріс 1,3 пайызға азайды. Өңдеуші өнеркәсіп 0,5 пайыз деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Сонымен қатар ол жоспарланған деңгейден мұнай өндіру көлемінің 1,5 млн. тоннаға төмендеуі ЖІӨ-ге кері әсерін тигізетінін жеткізді. Инвестициялық капитал биыл 3,8 пайызға өскен көрінеді, бірінші кезекте ол "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инвестициялық бағдарламаның арқасында артты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!