Қазақстан банктері несиелендіру көлемін 7,1%-ға қысқартты

Фотография - Қазақстан банктері несиелендіру көлемін 7,1%-ға қысқартты

Жұмыссыздық деңгейі жоспарланған шектен төмен, 10 айдың қорытындысы бойынша – 4,9%

309 0

Қазақстанның екінші деңгейлі банктері несиелендіру көлемін биыл 7,1%-ға қысқартты. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2015 жылдың 10 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары туралы баяндау кезінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

"Биыл ЖІӨ өсімінің баяулауына әсерін тигізіп отырған негізгі факторлардың бірі екінші деңгейлі банктердің экономиканың нақты сскторын несиелендіру көлемін төмендетуі болып табылады: 9 ай ішінде несиелендіру көлемі 7,1%-ға төмендеген", - деді министр.

Оның айтуынша, экспорт пен импорт көлемінің төмендеуі салдарынан төлем теңгерімінң нашарлағаны байқалады: қорытынды бойынша қаржы тапшылығы 4 млрд долларды құрап отыр.

Бұған дейін Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының бағасы айтарлықтай төмендеуіне байланысты экспорт 42,5 пайызға, импорт 23,8 пайызға азайғаны хабарланған болатын.

Бұған қоса, Ерболат Досаев теңге еркін айналымға жіберілгеннен кейін қазан айында инфляция 5,2%-ды құрағанын мәлім етті. Жұмыссыздық деңгейі жоспарланған шектен төмен, 10 айдың қорытындысы бойынша – 4,9%.

Естеріңізге салып өтсек, Ақордада Елбасының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!