Қазақстанда 2015 жылы инфляция дәлізі 6-8 пайыздан 8-10 пайызға өсті

Фотография - Қазақстанда 2015 жылы инфляция дәлізі 6-8 пайыздан 8-10 пайызға өсті

ҚР ҰЭМ инфляция дәлізінің кеңейгенін хабарлады

1912 0

ҚР әлеуметтік-экономикалық дамудың нақтыланған болжамы бойынша, 2015 жылы инфляция дәлізі 6-8 пайыздан 8-10 пайызға жоғарлады. Бұл туралы ҚР парламент сенатындағы "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының таныстырылуы кезінде ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады, деп жазады Today.kz.

"2105 жылы инфляция дәлізі 6-8 пайыздан 8-10 пайызға жоғарлады. 2015 жылға арналған макроэкономикалық нақтыланған болжамдарды есепке ала отырып, 2016 жылы номиналды ЖІӨ  45 530,5 миллиард теңгеден, 2020 жылы  63 991,5  миллиард теңге көлеміне дейін өседі депболжануда. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2016 жылы 8 557 доллардан 2020 жылы 11 470 долларға дейін өседі", - деді Досаев.

Сонымен бірге, экономиканың шынайы өсімі 2016 жылы 2,1 пайыз, 2017 жылы- 3,6 пайыз, 2018 жылы - 2,9 пайыз, 2019 жылы – үш пайыз және 2020 жылы - 3,2 пайызды құрамақ. Осылайша, экономиканың жалпы жылдық өсімі 2016-2020 жылдары 2,9 пайыз көлемінде болжануда.

Инфляция деңгейінің көтеріліп кеткені жайында кешегі президент қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Әкішев мәлімдеген. Оның айтцынша, Ұлттық банк тұрақты инфляцияны және 2016 жылы оны 6-8 пайыздық дәлізге қайтаруды алдына мақсат етіп қойып отыр.

Естеріңізге салсақ, 18 қарашада мәжіліс Қазақстанның жаңа үш жылдық бюджетін мақұлдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!