Мұнай бағасы аздап көтерілді

Фотография - Мұнай бағасы аздап көтерілді

None

150 0

Кеше күндіз бағасы төмендеген «қара алтын» бүгін аздап қымбаттады. Бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел, деп хабарлайды ПРАЙМ.

Brent солтүстіктеңіздік қоспасының қаңтар айындағы фьючерстерінің құны 0,59%-ға, барреліне 44,48 долларға дейін өсті, ал WTI маркалы жеңіл мұнайдың фьючерстерінің бағасы 0,7%-ға, барреліне 42,25 долларға дейін көтерілді.

Сәрсенбі күні АҚШ-та бір апта ішінде мұнайдың коммерциялық қоры 0,3 млн баррельге, немесе 0,1%-ға, 487,3 млн баррельге дейін өскені мәлім болды. Бір жағынан, бұл мәліметтер АҚШ-та шикізат қорының артып жатқанын білдірсе, екінші жағынан сарапшылар көрсеткіш 1,9 млн баррельге ұлғаяды деп күткен еді.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!