Қазақстан банктері ең жоғарғы салым портфелін тіркеді

Фотография - Қазақстан банктері ең жоғарғы салым портфелін тіркеді

"Үздік 5 банк" салым портфелі өсімі бойынша Қазақстан нарығының 59%-ын иемденеді.

222 0

Еліміздегі екінші деңгейлі банктерде ең жоғарғы салым портфелі тіркелді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша оның жалпы көлемі 14 трлн теңгеге жақындаған. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 1 трлн 200 млрд теңгеге артық. Салым ақшаның ең жоғарғы өсімі Халық банкіне тиесілі. Оның портфелі 246 миллиард теңгеге өсіп, жалпы көлемі 2 трлн 200 млрд-ты құрады. Одан кейінгі орынға қаржысын 190 млрд теңгеге көбейткен Қазкоммерцбанк орналасты. Ал үздік үштікті Сбербанк түйіндеп тұр. Оның портфелі 158,9 миллиард теңгеге ұлғайып, 1 триллион 200 миллиард теңгеге жетті. 

Цесна-банктегі көрсеткіш алдынғысынан 20 миллиардқа аз. Ал одан кейінгі жоғарғы көрсеткіш - АТФ Банкінің еншісінде. Айта кетейік, дәл осы "үздік 5 банк" салым портфелі өсімі бойынша Қазақстан нарығының 59%-ын иемденеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!