ОҚО бизнесті дамытуға ең қолайлы аймақ

Фотография - ОҚО бизнесті дамытуға ең қолайлы аймақ

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қауіпсіз аймақ болып табылды

280 0

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қауіпсіз аймақ болып табылды. Мұндағы бизнесті өркендетудің қауіпсіздік деңгейі 71,9 пайызды құрайды. Ал 50,7 пайыздық көрсеткішпен танылған Маңғыстау облысы, керісінше, кәсіпті бастау үшін тұрақсыз өңірлердің бірі атанды.  

A.T.Kearney компаниясының әдістемесі негізінде Idea-Lab.kz елдегі өңірлердің кәсіпкерлікпен айналысу тәуекелін есептеді. Олар оны есептеу үшін халықты несиелендіру көлемін, жан басына шаққандағы табыс пен ЖӨӨ, экономикалық белсенді халықтың үлесі және қылмыстың өршуі мен азаю көрсеткіштеріне назар аударған.

Қылмыстың тез өршуі бойынша 52,7 пайызбен Астана қаласы алға шықса, Қостанай облысы 13,4 пайыздық көрсеткішке ие болып, ең бейбітшіл өңірлердің біріне айналды. Ал, Астана қаласы 54,9% көрсеткішпен 11-орынға лайық болды.

Алматы қаласының кәсіпкерлік үшін ыңғайлылығы 63,1 пайызды көрсетті. Ондағы дефолт көрсеткішінің жоғары болуына байланысты Алматы бесінші орында. Алматы облысы – берілген несиелердің сомасы халықтың табысынан аспайтын жалғыз аймақ болып табылады. Атырау облысы өңірдегі жалпы өңірлік өнімнің 19 пайыздық тұрақты көрсеткішінің арқасында Алматы қаласын басып озды. Атырау 65 пайызға қауіпсіз. Аймақта бизнеспен айналысу тәуекелінің төмен деңгейде болуына қарамастан бұл өңірде бар болғаны 300 мың азамат кәсіпкерлікке тартылған.

Халқының 1,3 миллион тұрғыны кәсіптен нәсіп тауып отырған ОҚО тұрғындары ең экономикалық белсенді аймақ болып танылған. Өңірдегі орташа көрсеткішті дефолт пен қылмыстың салыстырмалы төмен деңгейіне және кәсіпкерлікпен айналысатын халық санының көлемінің арқасында ОҚО бизнесті бастауға қолайлы өңірлердің тізімінде бірінші орынға шықты.

Бұл көрсеткіш облыстардағы халық санына байланысты жасалмаған. Керісінше, қала тұрғындарына тікелей әсер ететін республика өңірлеріндегі жекелеген бизнестің даму индексі негізінде әзірленген. Жекелеген бизнесті дамытуда нарық жағдайы мен оның қолайлылығы туралы мәліметті Idea-Lab.kz-тің әр дүйсенбідегі мақалаларында жазылатын болады.
Айта кетейік, есеп ҚР Статистика агенттігінің 2013-2014 жылдардағы мәліметінің негізінде жасалған.


BAQ.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!