Ел Үкіметі дағдарысқа қарсы үш бағдарлама әзірлеуде

Фотография - Ел Үкіметі дағдарысқа қарсы үш бағдарлама әзірлеуде

Үкімет аталған жоспарды таныстыруды 8 желтоқсанға жоспарлап отырған көрінеді.

304 0

Бүгін Парламент Сенатында өткен отырыста сөз алған Премьер-министр Кәрім Мәсімов ел Үкіметі дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспар әзірлеп жатқандығын мәлімдеді. Кәрім Қажымқанұлының айтуынша, Үкімет аталған жоспарды таныстыруды 8 желтоқсанға жоспарлап отырған көрінеді, - деп хабарлайды Baq.kz.

Айта кетейік Сенаттың кеңейтілген отырысында "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" және "ҚР Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" және "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы талқыланып, қабылданған болатын.

- Біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықтың әлсіз тобы мен зейнеткерлер алдындағы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеті бүгін сөз болып отырған бюджет жобасында толықтай қаралатынын айтып өткім келеді. Сіздер бюджетті қолдап, оған Мемлекет басшысы қол қойса, біз 8 желтоқсанда өтетін кеңейтілген отырыста екі бағдарлама қабылдауды жоспарлап отырмыз. Біріншісі – алдағы үш жылға арналған дағдарысқа қарсы бағдарлама. Яғни, 2014, 2015, 2016 жылдарға арналған экономикалық мазмұндағы бағдарламаларды жинақтау нәтижесінде, дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспар қабылданатын болады, - деді Кәрім Қажымқанұлы.

Үкімет басшысының түсіндіруінше, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту бағдарламасына да басымдық берілетін көрінеді.

- Осы күндері ондай бағдарламаны тиісті министрлік оны әзірлеу үстінде. Біз мұнда 2008-2009 жылдардағы тәжірибені пайдалануды жөн көрдік. Онда негізгі үш бағыт бар: біріншісі – Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып жатқан жаңа экономикалық саясат. Екіншісі – реформаның жалғасы. Ал, үшіншісі – жоспарлардың жүзеге асырылуы және оның қалың бұқара мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге жаппай түсінікті болуы басты назарға алынады, - деді ол.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы желтоқсан айында Қытайға ресми сапармен баруды жоспарлап отырғанын тілге тиек етті.

- Елбасының тапсырмасымен Қытайға баратыным жоспарлануда. Бұл сапарда "Нұрлы жол" мен "Бір жол – бір белдеу" бағдарламалары және өндіріс орындарын Қытайдан Қазақстанға көшіру мәселелері талқыланады, - деді К.Мәсімов.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!