Астанада инвестициялар көлемі 18,7% артты

Фотография - Астанада инвестициялар көлемі 18,7% артты

Инвестициялардың басым бөлігін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар игерді, бұл көрсеткіш жалпы көлемнің 65,1% құрайды

275 0

2015 жылдың тоғыз айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 583 148 млн. теңгені құрады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бұл 2014 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 18,7% артық. Республика көлемінде Астананың үлесі 11% болды. Инвестициялардың басым бөлігін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар игерді, бұл көрсеткіш жалпы көлемнің 65,1% құрайды.

Астана қаласы статистика департаментінің мәліметі бойынша, қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет қаражаты 29,2%, кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаты 55%, банктердің несиелері 4,4%, басқа қарыздар 11,4% құрайды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!