Қазақстандық тұңғыш бизнес-кейс жарық көрді

Фотография - Қазақстандық тұңғыш бизнес-кейс жарық көрді

Астанада «Болашақ бизнес-кейс» атты қазақстандық тұңғыш бизнес-кейстер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті

190 0

Астанада «Болашақ бизнес-кейс» атты қазақстандық тұңғыш бизнес-кейстер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. "Болашақ" қауымдастығының бастамасымен қолға алынған жоба елдегі үздік кәсіпорындардың тәжірибесін жинақтаған.

Бұл кітап бұрынғылардан өзгерек. Қазақстан бизнес-кейс кәсіп бастауға ниеттенгендер, бизнес айдынына енді шыққандар үшін таптырмас құрал болып табылады. Былайша, кеңесші. Жинаққа бұл күні аяғынан тік тұрған алпауыт 31 компанияның жүріп өткен жолы, тәжірибесі енгізілген. Жастарға жол бастар жинақты жазып шығуға 9 ай жұмсалған. Жинаққа енгізілген барлық кейстерде стратегиялық жоспарлау, қаржылық жобалау, еңбек өнімділігін арттыру және инвестициялық қорды басқару мәселелерінен тұратын отандық бизнес қызметтерімен байланысты мәселелер қамтылған.

Қуандық Бишімбаев, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы:
 - Бизнесті қалай бастауға болады, бизнестің қандай қиыншылықтар, қандай мүмкіндіктері бар және бизнеске байланысты, корпорацияларға байланысты, жеке кәсіпкерлікке байланысты қандай ерекшеліктері бар? Біздің бизнес жинағымыз арқылы талдау жасауға болады.

Жинақтың білім беру процестеріне енгізілуі үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына, сондай-ақ шетелдік бизнес мектептеріне жолданатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тұсаукесер шаралары Лондон, Вашингтон, Пекин, Мәскеу сияқты әлемнің ірі қалаларында және белгілі зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның облыстық және қалалық кітапханаларында өткізілмек.

Бұл кітап қазақ, орыс және ағылшын тілінде бизнес тетіктерін терең зерттеуге арналған. Қазақстан бизнес-кейс әзірге 1000 таралыммен шықты. Барлық оқырмандарға қолжетімді болады. Ұйымдастырушылар келер жылы осы кітап негізінде жастар арасында конкурс ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!