Ақсу металлургтері 1 000 000 тонна ферроқорытпа өндірді

Фотография - Ақсу металлургтері 1 000 000 тонна ферроқорытпа өндірді

Өнеркәсіп жыл сайын бір тоннадан артық дайын өнім өндіреді.

1090 0

Ақсу металлургтері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне 1 000 000 тонна ферроқорытпа өндірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Бұл тарту Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы – Ақсуферро қорытпа зауытындағы № 2 цехтың № 21 пешінде балқытылды. Өнеркәсіп жыл сайын бір тоннадан артық дайын өнім өндіреді. Осы жылы бұл жетістік белгіленген мерзімнен бір ай бұрын орындалды. Зауыт әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнімін шығарып, тұрақты жұмыс жасауда.
№2 балқыту цехының ұжымы миллионыншы тонна өнімнің біздің бөлімшеде өндіріліп алынғанын мақтан етеді. Ақсулық металлургтер мемлекеттік мерекелерді өндірістік жетістіктермен атап өтеді. Еуразиялық топ өзінің инвестициялық, өндірістік және әлеуметтік саясатын әрқашан Елбасының "Қазақстан-2050" Стратегиясы және "Нұрлы жол" экономикалық бағдарламасында қойған тапсырмаларына сәйкес орындауда. Зауыт технологиялық үрдістің нақты қадамын, жабдықтардың сенімді жұмысын қамтамасыз ете отырып, саланың озық жетістіктерін енгізе, кәсіпорынның қуатты әлеуетін дамытуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!