Кәсіпкерлер палатасы штатын қысқарту арқылы 1 млрд теңге үнемделді

Фотография - Кәсіпкерлер палатасы штатын қысқарту арқылы 1 млрд теңге үнемделді

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының штатын оңтайландыру жаз мезгілінде басталған болатын

136 0

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы штатын қысқарту арқылы 1 млрд теңге қаржы үнемделген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.

Оның айтуынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының штатын оңтайландыру жаз мезгілінде басталған болатын. "Штаттын оңтайландыру жүйесі бойынша 100 шаттық қызметкерді қысқартуды көздегенбіз", - дейді А.Мырзахметов.

А. Мырзахметовтің айтуынша, бұл штаттың шамамен 10-15 пайызын құрайды.

"Бұл біздің штаттың шамамен 10-15 пайызын құрайды. Бірақ, қызметкерлерді бірден қысқарту жүзеге аспайды. Аймақтық деңгейде, 80 қызметкер, орталық аппаратта 50-60 адам қысқарады. Осы оңтайландыру шарасының арқасында 1 млрд теңге үнемдедік",-деп мәлім етті А.Мырзахметов.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!